Технология • Бүгін, 09:34

Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті ресми түрде іске қосылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 13 тамыздан бастап  елімізде Starlink спутниктік интернеті іске қосылды. Бұл туралы  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті  ресми түрде іске қосылды

фото: depositphotos.com

Енді еліміздің тұрғындары SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты әрі сенімді интернетке қол жеткізе алады.

Осыған дейін, 2025 жылдың 12 маусымында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы Қазақстан заңнамаларын толық сақтау жөнінде өзара келісімге қол қойған еді. Бұл келісім байланыс пен ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын барлық талаптарды қамтиды.

Starlink-тің спутниктік технологиясы елдің ең шалғай, инфрақұрылым жетпеген өңірлерінде де тұрақты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, халыққа заманауи цифрлық қызметтерді қолдануға жол ашады.