Оқиға • 14 Тамыз, 2025

Шымкентте әкімдік ғимараты өртенді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен түні Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің ғимаратынан өрт шыққан. Қалалық ТЖД хабарлауынша өрт туралы ақпарат «112» арнасына сағат 03: 16 шамасында түскен, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте әкімдік ғимараты өртенді

Фото: Видеодан алынған скрин

Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында орналасқан әкімдік ғимаратындағы қызыл жалынды сөндіруге ТЖД-ның 21 техникасы мен 88 қызметкері, апаттар медицинасы орталығынан 1 техника және 3 маман, жергілікті атқарушы органдардан 2 техника және 2 қызметкер жұмылдырылған. 

Өрт 1200 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деді Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Бекзат Қамбаров. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Семейде ерекше кешен ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:35