Елорда • Бүгін, 11:10

Астанада LRT құрылысының маңызды кезеңі аяқталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

City Transportation Systems (CTS) компаниясы  LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада LRT құрылысының маңызды кезеңі аяқталды

Фото: CTS

Жалпы ұзындығы 22,4 шақырым болатын құрылыстағы №101–118 станция аралығында және олардың аралықтарында 89 600 погондық метр рельс төселген. Қазір рельстерді дәнекерлеу жүргізіліп жатыр, одан кейін олардың соңғы бекітуі басталады.

«Құрылыс барысында құрамында темір мөлшері жоғары көміртекті болаттан жасалған рельстер қолданылды. Олар жіксіз төсеу технологиясы тәсілімен алдын ала кернелген шпалдарға заманауи DTVII2-1 бекіту жүйесі арқылы орнатылды. Айтылған технология жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде шу мен діріл деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жолаушылар мен жақын маңдағы аудан тұрғындарына қолайсыз жағдай туғызбау үшін жасалған», делінген City Transportation Systems компаниясының хабарламасында.

Енді төтенше жағдайлар кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эвакуациялық платформаларды орнату жұмыстарын жүргізу жоспарланған.