Есірткі • Бүгін, 15:28

Қызылордада заңсыз есірткі егістігі анықталып, жойылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы Сырдария ауданы Бесарық ауылының маңынан ірі есірткі алқабын тауып, жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада заңсыз есірткі егістігі анықталып, жойылды

Іс-шара кезінде салмағы 58 килоға жуық 1156 түп есірткі тәркіленіп, оқиға орнынан жалпы салмағы 1 кило 610 грамм кептірілген марихуана табылыпты. Осыған байланысты 42 және 33 жастағы облыс тұрғындары ұсталып, қамауға алынған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы бері 172 есірткі құқық бұзушылығы анықталып, 959 кило есірткі тәркіленді. Бес фитозертхана анықталған. Облыс аумағында есірткі өсірумен айналысқан 36 адам ұсталыпты.