Тарих • Бүгін, 07:50

Шахризаданы ажалдан құтқарған хикая

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шахрияр есімді патша әйелінің опасыздығынан кейін қатал заң орнатады. Күнде басқа әйелге үйленіп, таң ата оны өлтіруге бұйырады. Сүйгені сезімін таптағаннан кейін жүрегін солай қорғағысы келеді. Алайда тағдыр оны ерекше жанмен жолықтырады. Ол – Шахризада еді. Ақылды әйел патшаға әр түн сайын әсерлі әңгіме, таусылмас хикая айтып бастайды. Күнде ең қызық жеріне келгенде тоқтап, патшаны ынтықтырып қояды. Әңгіменің жалғасын білу үшін патша оны тірі қалдырады. Осылайша мың бір түн бойы тоқтаусыз айтылған хикаялар Шахризаданың ғана емес, патшаның да тағдырын өзгертеді. Оның тас жүрегін жібітіп, сезімін оятады. Қатыгездігінен арылып, мейірімге бөленеді.

Шахризаданы ажалдан құтқарған хикая

Міне, әңгіме ай­та білу өнері өмірді де сақ­тап қала алады. Ал енді аңыз­дан ақиқатқа оралсақ, – ғы­лым да осыны растап отыр. Израильдегі Рейхман университетінің профессоры Рон Шахар бастаған ғалымдар жүргізген зерттеулер әңгімелеудің адам өміріне әсерін анықтаған. Олар 800 адам арасында тәжірибе жүргізіп, әңгіме айта білетін адамдар өмір­дің мәнін тереңірек түсінеді деген қорытындыға келген. Мұндай адамдар кез келген істі «қалай жасауға бо­лады?» деп емес, «неге жа­сау керек?» деп ойлана­ды. Бұл қасиет оларға әр нәр­сенің артындағысын көруге көмектеседі.

Зерттеу барысында анық­талған тағы бір жайт – әңгімені әсерлі ай­ту­ға бейім адамдардың екі ерекше қабілеті бар. Бі­рін­­шісі – оқиғаларды бір-бірімен байланыстырып, толыққанды, мағыналы хикая құра білу. Екіншісі – кейіпкердің көзімен қарап, оның жан дүниесін түсіну. Профессордың пікірін­ше, осы екі қабілетті өз өмірінде қолдана білген адам шынайы мақсатын анықтап, «менін» таниды. «Жақсы әңгіме айту – жай қарым-қатынас қана емес, адамның ішкі әлемін ба­йытатын рухани азық, өмір­ге мән дарытатын құрал», дейді Рон Шахар.