Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Ұғым бар, сөз жоқ

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шотландиялық гэль тілінде «иә», «жоқ» деген сөздер мүлдем қолданылмайды. Оның орнына сөйлеуші тарап жауапты толық сөйлем арқылы беруге тиіс.

Ұғым бар,  сөз жоқ

Мысалы, біреу «Мектепке барасың ба?» деп сұраса, гэль тілінде «Барамын» немесе «Бармаймын» деп айту керек, жай ғана «иә» не «жоқ» деп жауап беру мүмкін емес. Сол себепті гэль тілді балалар ағылшын тілін үйренгенде, ең алдымен оларға «yes» пен «no»-ның не үшін қажет екенін түсіндіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, гэль тілінде «иә» мен «жоқ» ұғымы бар, бірақ олар жеке сөз емес, толық сөйлем арқылы жеткізіледі.