Аймақтар • Бүгін, 11:58

Павлодарда қоғамдық көлік бағыттары оңтайландырылып жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында қалалық автобус желісі ертеңнен бастап жаңаша жұмыс тәсіліне көшеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда қоғамдық көлік бағыттары оңтайландырылып жатыр

Жергілікті билік қоғамдық көлік бағыттарын оңтайландыру іс-шаралары басталып жатқанын хабарлады. Түзетулер туралы түпкілікті шешім сынақ режимінің қорытындысы бойынша қабылданады.

Павлодарда барлығы 30 автобус маршруты бар. Жергілікті атқарушы органдар сұраныс аз болғандықтан, №5 және №6 маршруттарды жоюды ұйғарды. Тағы 11 қалалық маршрутты оңтайландыру жоспарланып отыр.

-Талдау көрсеткендей, бүгінде бірқатар маршруттар табыссыз, ал кейбіреулері бір-бірін қайталайды. Оңтайландыру бюджеттен субсидиялау көлемін азайту және маршруттық желіні нақты жолаушылар ағынына сәйкес келтіру мақсатында жүргізіледі. Жол жүру тарифі өзгермейді. Ал жылжымалы құрамды жаңарту жалғасады, шағын сыныпты автобустардың барлығын орташа сыныпты автобустарға ауыстыру көзделіп отыр,-деді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов.

Павлодар облысы