
Жылдар өте келе Джерри Парр дегеніне жетіп, мемлекеттің құпия қызметіне жұмысқа орналасады. 1981 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті, бұрынғы Голливуд актері Рональд Рейганға қастандық жасалған сәтте Джерри Парр президенттің жанынан табылып, оны дер кезінде ауруханаға жеткізіпті. Осылайша, ол кезінде өзі үлгі тұтқан Рональд Рейганды ажалдан арашалап қалған көрінеді.