Жасанды интеллект • Кеше

Зерттеушінің тың тұжырымы

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі заманда жасанды интеллект (ЖИ) тек техникалық салада ғана емес, саясатта да белсенді қолданылып келеді. Цифрлық дәуірде мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс жаңа сипатқа ие болып, саяси коммуникация жүйесі түбегейлі өзгеріп жатыр. Дәл осы өзгерістерді кешенді зерттеген отандық ғалым, медиа және коммуникация маманы Айтолқын Әшімова докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Зерттеушінің тың тұжырымы

Ғалымның еңбегі «Саяси коммуникация құралы ретіндегі жасан­ды интеллект: қолданылуы және ғалам­дық болжау» деп аталады. Бұл жұмыс – елімізде ЖИ мен сая­си ком­муникацияның өзара бай­ла­нысын жан-жақты талдаған ал­ғаш­қы зерттеу. Ғалым ЖИ-дің қоғам­­дық пікір қалыптастырудағы рө­лін, сая­си үдерістегі ықпалын және бо­­ла­шақтағы даму бағыт­та­рын ай­­қын­­дап, арнайы болжау моделін ұсынды.

Зерттеу барысында автор ха­лық­­ара­­лық мысалдармен қатар, елі­­­­міз­дегі жағдайды терең талдаған. ЖИ-дің саясаттағы қолданы­­сы­на қа­тыс­­ты заңнамалық база, тех­но­л­о­гия­­лық мүмкіндіктер мен шынайы тә­жі­рибе сараланған. Бұл бағытта ға­лым сарапшылармен сұхбат жүр­­гізіп, әлеуметтік желілер мен цифр­лық платформаларды зерттеп, SWOT және PEST талдаулар жасады.

Диссертацияның қорытын­дылары саясаттану­шыларға, медиа сарапшыларына, мемлекеттік қызметкерлерге және ІТ мамандарына пайдалы болмақ. Жұмыс нәтижелері цифрландыру саясатын жетілдіруге, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жаңа оқу курстарын әзірлеуге негіз бола алады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері мен ғылыми жетекшілер бұл еңбекті жоғары бағалап, автордың өзекті тақырыпты таңдауын атап өтті. Ре­цензияда ЖИ-дің қоғам мен саясат­қа ықпалы терең ашылғаны, бола­шақ тәуекелдер мен мүмкін­дік­тер нақты көрсетілгені айтылған.

Айтолқын Әшімованың еңбегі еліміздің ғылыми қауымдас­­ты­­ғын халықаралық деңгейдегі цифр­лық саясат зерттеулеріне үлес қосып, отандық мектептің дамуына жол ашады. Бұл зерттеу саясат пен технология түйіскен жаңа ғылыми бағыттың іргетасы болмақ.