
Шара 22 тамыз күні сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді.
Жобаның басты мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау, еңбекші мамандардың қоғамдағы мәртебесін көтеру және қазақстандық жастардың мәдениеті мен өнерін дамытуға үлес қосу.
Кеш барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік жайдарманшылар бас жүлде үшін сайысқа түседі.
Жүлде қоры:
І орын – 1 000 000 теңге
ІІ орын – 500 000 теңге
ІІІ орын – 300 000 теңге
JAIDARMAN. MAMANCUP – тек әзіл мен тапқырлықты насихаттайтын емес, ел жастарының бірлігін, белсенділігін және шығармашылығын айқындайтын мәдени жоба болып отыр.
Іс-шараны Қазақстан КВН Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.