Қоғам • Кеше

Жаңа басшы тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы лауазымына Сәкен Әмрин тағайындалды. 1984 жылы туған ол бұған дейін облыстық көпбейінді аурухананы басқарып келген, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа басшы тағайындалды

Жаңа басшы 2007 жылы Астанадағы Мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Шал ақын ауданының орталығы Сергеев қаласында туған. Соңғы қызметін бес жылдай атқарып, кәсіби тұрғыдан шебер, ұйымдастырушылық қасиеті жоғары екенін көрсеткен. Оған дейінгі басшы қызметтен өз қалауымен кеткен. 

ПЕТРОПАВЛ