
Ақпаратты Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі растады. Дегенмен, Байжановтың нақты қашан бостандыққа шығатыны туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, 9 шілдеде Бақытжан Байжанов Степногорск аудандық сотына өтініш түсірді. Айдың соңында сот оның жазасын қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырды.
Бақытжан Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев Байжановтың қазір Степногорскідегі орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқанын айтқан еді. Ал оның ағасы Қуандық Бишімбаев Степногорскідегі №5 қауіпсіздігі жоғары мекемесде қамауда отыр.
Ынтықбаевтың сөзінше, 2025 жылдың жазынан бастап оның қорғаушысы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу жөнінде өтініш беруге құқылы. Сондай-ақ адвокат Бақытжан Байжановтың Қазақстанда жарияланған амнистияға ілінетінін атап өтті. Алайда ол толықтай қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды.
Еске салайық, 23 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жариялаған еді. Бұл рақымшылық 15 мыңнан астам сотталғанды қамтиды.