Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Темір асқазан

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Француз әртісі Мишель Лотито жұртты өзінің ерекше «диетасымен» таңғалдырған. Ол мүлде жеу­ге келмейтін заттарды жеуімен танымал болды. Көрсе­ті­лімдерінде велосипедтерді, теледидарларды және әйнек, металл, резеңке секілді заттарды жұта беретін.

Темір асқазан

Ең таңғаларлық әрекеттерінің бірі – «Cessna 150» ұшағын бөлшектеп, оны екі жыл ішінде түгел жеп бітіруі. Шоу алдында ол асқазанын «майлап», тамақтану кезінде көп мөлшерде су ішіп отырған. Статистика бойынша, Лотито өзінің мансабында шамамен 9 тонна металды жеп тауысқан.

 

Соңғы жаңалықтар