
Фото: primeminister.kz
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін бизнесті жүргізудің ашық қағидаларын әзірлеп, ішкі сауданы дамытуда және отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуына қажетті инфрақұрылым қалыптастырады.
Қабылданған шаралар кешенінің нәтижесінде сала тұрақты өсуді көрсетіп отыр: 2025 жылғы қаңтар–шілде айларында сауда көлемі 8,6%-ға, ал инвестиция көлемі І жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті.
«Сауда саласында 800 мыңнан астам бизнес субъектісі айналысып, 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «Айтылды-жасалды» қағидаты бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмалары белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр», деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.