
Осы мақсатта 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Құжат экологиялық мәдениетті қалыптастырудың кешенді тәсіліне негізделген.
Негізгі бағыттар қатарында:
-
халықтың экологиялық ойлау мен мінез-құлқын жетілдіру;
-
экологиялық жауапты өмір салтын ынталандыру жүйесін құру;
-
экологиялық ағарту және білім беру;
-
экология мәселелерін кең көлемде ақпараттық қамту.
«Тұжырымдама азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған», – деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Бизнес пен ірі кәсіпорындардың рөліне де ерекше мән берілуде. Олар табиғатты қорғау бастамаларын іске асырудағы маңызды серіктес ретінде қарастырылады.
Қазіргі таңда көптеген қазақстандық компаниялар «Таза Қазақстан» аясындағы жобаларға қатысып, тұрақты технологияларды енгізіп, өңірлерде экологиялық бастамаларды қолдап келеді.