
Көбенованың айтуынша, стипендиялардың көтерілуі жүйелі сипатқа ие болған.
«Биыл да стипендияларды арттыру көзделіп отыр. 2020 жылмен салыстырғанда олардың мөлшері іс жүзінде екі есе өсті», деді вице-министр ОКҚ брифингінде.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендия мөлшері мынадай болады:
-
бакалавриат студенттері үшін — 52 372 теңге;
-
педагогикалық мамандықтар студенттері үшін — 84 000 теңге;
-
магистранттар үшін — 117 098 теңге;
-
докторанттар үшін — 262 500 теңге.