Ғалам ғажаптары • 30 Тамыз, 2025

Кәмпитке толы конус

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда мектепке алғаш қадам басқан балаға ерекше сыйлық беріледі. Бұл – «Schultüte» деп аталатын үлкен қағаз конус. Ішіне кәмпит, тәттілер, ойыншықтар, түрлі оқу құрал­дары салынады.

Кәмпитке толы конус

Бұл дәстүр XIX ғасырдан бері жалғасып келеді. Бала мектепке  қуа­нышпен барсын, алғашқы күнін тәтті әсермен еске алсын деген ниеттен туған. Бүгінде бұл дәстүр тек Германияда емес, Аустрия мен Швейцарияда да кең тараған. Қолына тәттіге толы конусты ұстаған бал­дырғандар үшін мектептің ал­ғашқы күні мереке сияқты өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше