Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Кеншілердің амандығы басты талап

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халық арасында «Шахтерлер күні» деген атпен мәлім мереке алғаш рет 1948 жылы 29 тамызда өткен болатын. Ал тәуелсіздік кәсіби мерекелер тізбесіне 2003 жылы қарашада тамыздың соңғы жексенбісі Кеншілер күні болып бекітілді, деп жазады Egemen.kz.

Кеншілердің амандығы басты талап

 

Осынау Кеншілер күні және биылғы Жұмысшы мамандары жылы аясында 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі барып, іске қосқан еліміздегі белді кен орындарының бірі Ақтоғай кен орнында тау-кен мастері болып істейтін Азамат Жұмахановпен кеншілердің қауіпсіздігі мәселесі туралы сөйлесіп едік.

Азамат KAZ Minerals Aktogay компаниясының бөлген грантымен жоғары білім алып, сол кен орныңда жұмыс істеп жүрген тәжірибелі маман.

–  Мен Аягөз ауданы Таңсық ауылында өстім. Мектепті Камал Кадыржанов атындағы Қызылқия орта мектебінде бітірдім. Тәлімгер бағдарламасы арқылы 2018 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түстім. GEOVIA Surpac, GEOVIA MineSched мамандықтар үздік бітірдім. Одан осы компанияда екі жыл тәжірибеден өтім. Бүгінде Ақтоғай кен орнында тау-кен мастері болып жұмыс істеймін, – дейді ол.

1Шахтер мамандығы ауыр және қауіпті кәсіп түріне жатады. Өндірісте болатын төтенше оқиғалар салдарынан қаншама кенші қаза тауып немесе түрлі жарақаттарға ұшырап жатады. Міне осындай, салаға жауапты маман Азамат Жұмахановтың айтуынша, кен орындағы басты жетістік кен қазу емес, жұмысшы мамандардың амандығы мен денсаулығы.

– Қарамағымда 120 адам жұмыс атқарады. Мен солардың қауіпсіздігіне, карьердегі болып жатқан жағдайларға бақылау жасап, өзіме берілген жауапты міндетті орындаймын. Еңбек қауіпсіздігі өте жоғары мән береміз. Компанияда Goal-zero деп аталатын ұғым бар, нөлдік қауіптілік деп аударылады. Ол үшін көптеген іс-шаралар қолданылады. Еңбек ақымыз уақытылы беріледі, жұмыс киім бәрі жақсы әрі жоғары сапада, – дейді тау-кен мастері.

Абай облысы