Білім • Бүгін, 12:45

Ұлттық ұланның сарбазы грант иеленді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділхан Серік Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызметін өтей жүріп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқуға мүмкіндік беретін мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz

Ұлттық ұланның сарбазы грант иеленді

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызмет

Әділхан әскерге шақырылмас бұрын арнаулы орта білім алған. Колледжді тәмамдаған соң оны Қарағандыдан әскер қатарына шақырып, мерзімді қызметін елордадағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде өтеді. Мұнда ұландық қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, шаһар көшелерінде патрульдік қызмет атқарды.

Қызмет барысында ол «Сарбаз 2.0» мемлекеттік бағдарламасы жайында білді. Бұл бастама мерзімді әскери қызметшілерге сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқуға мүмкіндік береді. Бұл жаңалық оның тағы бір арманына жол ашты.

«Грант алу үшін барымды салдым. Қоғамдық пәндер бойынша тест тапсырып, әскери қызметте де үздік болуға тырыстым. Бағдарлама туралы естіген сәтте бұл мүмкіндікті жібермеу керек екенін түсіндім. Грантқа түсу – мен үшін де, ата-анам үшін де үлкен қуаныш», деді ол.

аа

Көпбалалы отбасында тәрбиеленген ұландық қазір «биотехнолог» мамандығын меңгеріп жатыр.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жазда ел бойынша 900-ден астам ұландық мерзімді қызметін аяқтап, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болған.

Айта кетейік, құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамы сақшылармен бірлесіп еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Бұл міндетті атқаруға күн сайын әскер бойынша 8 000-нан аса ұландық жұмылдырылады.