
Дәнді дақылдардан бөлек, еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірушілері 112,8 мың тонна майлы дақыл, 684,2 мың тонна картоп (гектарына 241,5 центнер), 1,9 миллион тонна көкөніс (286,8 ц/га) және 2 миллион тоннадан астам бақша өнімін (272,6 ц/га) жинады.
Көкөніс түрлерінің ішінде 340,4 мың тонна қырыққабат (374,8 ц/га), 326,9 мың тонна пияз (394,2 ц/га) және 115,7 мың тонна сәбіз (302,9 ц/га) қамбаға құйылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егін жинау науқаны белгіленген мерзімде, агротехникалық талаптарға сай ұйымдастырылып жатыр.