
Рэй Брэдберидің «Фаренгейт бойынша 451 градус» романы – кітаптарды өртеу жайлы антиутопия. 1953 жылы «Ballantine Books» баспасы осы туындының 200 данасын асбест қаптамамен шығарды. Өйткені романның өзегі – отқа өртенген кітаптар еді. Сол секілді Стивен Кингтің «Жалын көз» шығармасы да өртке байланысты. Оның да арнайы аз ғана бөлігі асбестпен қапталып басылды. Бұл – көркемдік ой мен маркетингті ұштастырған ғажап тәсіл.