Аймақтар • Бүгін, 11:42

Талғарда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Талғар ауданында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп жазады Egemen.kz.

Талғарда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Алматы облыстық Жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 6 қыркүйекте, таңертең болған.

Шақыруға бара жатқан арнайы көлік Lexus RX 300 автокөлігімен соқтығысып, аударылып қалған.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан бригада жүргізушісі жеңіл жарақат алды, сондай-ақ медициналық қызметкер мен екінші көліктің жүргізушісі тексерілу үшін Талғар орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, – делінген станция хабарламасында.

Алматы облысы Полиция департаменті де оқиғаға қатысты түсінік берді.

– Алдын ала деректерге сәйкес, арнайы көлік жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісінде жүріп өтіп, басқа көлікпен соқтығысқан. Аталған факті бойынша әкімшілік іс жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомство.