Медицина • Бүгін, 14:24

Павлодарда екі жарым мыңға жуық адам дәрігерлік тексеруден өтті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Павлодар облысының шалғайда орналасқан 6 елді мекенін аралап шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда екі жарым мыңға жуық адам дәрігерлік тексеруден өтті

Фото: Samruk Kazyna Trust

Барлық медициналық қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін көрсетілді.

- Пойыздың медициналық бригадасы Шідерті, Майқайың, Спутник, Шарбақты, Көктөбе, Жұмыскер ауылдарында болып, жалпы саны 2445 адамды медициналық тексеруден өткізді. Оның ішінде 1109-ы - бала. Ауыл тұрғындары арнайы мамандардың қабылдауында болып, медициналық ақыл-кеңестер алды, заманға сай диагностикалық зерттеулерден өтті. Барлығы тегін түрде көрсетілді, - деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасынан.

Дәрігерлер 139 адамның тісін тегін жұлып, 10 адамға шағын хирургиялық оталар жасаған.

Павлодар облысы