
«Жолдауда жеті бағытқа айрықша назар аударылды. Олар: инвестициялық саясат, өнеркәсіпті нығайту, аграрлық секторды дамыту, көлік және туризм саласын өркендету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау және адами капиталды жетілдіру. Бұл шаралардың барлығы тұрақты әрі серпінді экономикалық өсім қалыптастыруға бағытталған. Нәтижесінде әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», – деді Нұрсұлтан Байтілесов.
Депутаттың айтуынша, Жолдауда цифрлық трансформацияның маңыздылығы да ерекше атап өтілді.
«Президент цифрландыруды ел өмірінің барлық саласын жаңғыртудың негізгі өзегі деп атады. Жасанды интеллектіні енгізу мен цифрландыру мүмкіндіктерін арттыру жаңа Цифрлық кодекстің іргетасы болады. Бұл құжат жасанды интеллект пен платформалық экономиканы пайдаланудың негізгі бағыттарын айқындайды. Мұндай қадамдар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деді ол.
Сонымен бірге киберқауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.
«Мемлекет басшысы киберқауіптерге қарсы жаңа интеллектуалды жүйе құруды тапсырды. Бұл азаматтардың деректерін қорғап, қаржылық операциялардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың маңызды бөлігі. Мұндай қадамдар бизнес жүргізуде және азаматтардың күнделікті өмірінде ашықтықты, қауіпсіздікті және сенімділікті нығайтып, еліміздің жаһандану дәуіріндегі тұрақты дамуына негіз болады», – деді Мәжіліс депутаты.