
Фото: Ашық дереккөз
«Президент Жолдауда жаңа инновациялық және инфрақұрылымдық өзгерістерді айқындап берді. Қойылған міндеттерді шешу үшін, ең алдымен, елімізге тартылатын инвестициялар ағынын арттыру қажет. Мемлекет басшысы жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігін атап өтті. Сондықтан біз өте қысқа мерзімде инвесторлармен бірыңғай өзара іс-қимыл тетігін құрып, инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңартуға тиіспіз», деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр атап өткендей, инвестициялар аясында тартылған әрбір теңге нормативтік актілермен және оңтайлы тәжірибемен бекітілген мықты кепілдіктермен қорғалуға тиіс. Сонымен қатар жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану инвестицияларды барынша тиімді пайдаланатын салаларды айқындауға және олардың практикалық тәжірибесін экономиканың басқа салаларына таратуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ экономиканың жоғары технологиялық салаларына инвестиция тарту үшін арнайы іс-шаралар, оның ішінде преференциялар қарастырылуы қажет. Премьер-министр бұл шаралардың Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан тиісті бағдарламаға негіз болатынын атап өтті.