
Төрт түрлі смартфон қатарында ерекше көзге түскені – «iPhone 17 Air». Қалыңдығы небәрі 5,6 мм болатын бұл үлгі – Apple тарихындағы ең жұқа телефон. Оның корпусына титан мен алюминий қолданылған, ал жұмысын қуатты A19 Pro процессоры атқарады. Бұл чип әлемдегі ең жылдам мобильді процессор ретінде сипатталып отыр. «iPhone 17 Air» бұрынғы модельдерден беріктігімен де ерекшеленбек. Сондай-ақ бұл смартфонда қос камера арқылы бір уақытта түсіру мүмкіндігі бар. Дегенмен корпус жұқалығына байланысты онда физикалық SIM картасына орын жоқ, тек eSIM қолданылады.
Айта кетейік, жаңа желіде төрт модель бар. Бұлар «iPhone 17», «iPhone 17 Air», «iPhone 17 Pro» және «iPhone 17 Pro Max».
Экран өлшемдері 6,3-тен 6,9 дюймге дейін. Барлық телефондар кемінде 256 ГБ жадымен жабдықталған. Негізгі үлгі бес түсте. Атап айтсақ, Air төрт түсте, ал Pro мен Pro Max үш түсті нұсқада қолжетімді.
Бұл құрылғыларда шыныдан жасалған сымсыз зарядтау алаңы және булану камерасы бар салқындату жүйесі орнатылған. Компанияның айтуынша, бұл жүйе ойындар мен ауыр жүктемелер кезінде өнімділікті 40%-ға арттырады.
Жаңа смартфондар 19 қыркүйектен бастап сатыла бастайды.