
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Hiace» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Көліктің ішінде жолаушылар болған.
— Жол апатының салдарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, — делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.