Президент • Бүгін, 09:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына құттықтау жеделхатын жолдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына құттықтау жеделхатын жолдады

— Президент Рим Папасы XIV Леоны 70 жасқа толуымен құттықтап, оның халықтар арасындағы татулық пен дінаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ толеранттылықты дәріптеуге сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Киелі Тақпен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді, — делінген хабарламада.