Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тікұшақ такси

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Uber» қосымшасы арқылы тікұшақ такси шақыратын күн де алыс емес.

Тікұшақ такси

Электрлік әуе таксиімен айналысатын «Joby Aviation» компаниясы «Uber» платформасында «Blade Air Mobility» тікұшақтарын ұсынбақшы. Қызмет алғашында әуежай­ларға қатынау бағыттарында жұмыс істей­ді. «Joby»-дің коммерциялық қызметі 2026 жылы Дубайда басталмақ, кейін АҚШ-та, басқа жерлерде де қолданыла бастайды. Ал 2029 жылы «Uber» пойызға билет сатуды да ­бастайды. Бұл кәдімгі пойыз емес, сағаты­на жүздеген шақырымға жүйткитін жедел пойыздар. Алғашқы бағыттары – Лон­дон, Париж, Брюссель, Лилль қала­лары. Осылайша, такси шақыру да, тік­ұшаққа отыру да, тіпті пойызға билет алу да бір ғана қосымшада қолжетімді болмақ.