
Полицияның мәліметінше, күдікті нысандарға бірден полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет және арнайы бөлімшелер шыққан. Жүргізілген тексеріс барысында жарылғыш заттар да, күмәнді заттар да табылған жоқ.
Теміржол вокзалы мен тұрғын үй толықтай тексерілді. Қазіргі уақытта вокзал қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.
— Терроризм актісі туралы жалған хабарлама фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушының жеке басын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.