Елорда • Бүгін, 14:43

Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 қыркүйек «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция аясында және Дүниежүзілік тазалық күніне орай елордалықтар жалпықалалық сенбілікке шығады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

Фото: gov.kz

Қала әкімдігінің мәліметінше бұл күні қаланы қоқыстан тазартып, саябақтар мен гүлзарлар, аулалар, сондай-ақ сауда орындары, қоғамдық тамақтану нысандары басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды ретке келтіру жоспарланған.

Ауқымды тазалық жұмысы аясында Астананың алты ауданында ағаш отырғызылады.

Әкімдік қалалық кәсіпорындарды, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерін, еріктілер мен белсенді тұрғындарды экоакцияға қатысып, тазалыққа үлес қосуға шақырып отыр.

Сондай-ақ қала тұрғындары мен ұйымдары көшелер мен аулаларды абаттандыру ісіне үлес қоса алады. Экоакция сағат 10:00-де басталады.