
Фото: Ашық дереккөз
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түрінде қолдау көрсету және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасыларға қиын өмірлік жағдайлардан шығуға көмектесу.
АӘК мыналарды қарастырады:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 83,6 мың балаға 2,8 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.