
«Шымкент – Самара» тас жолының Баймұрат батыр ауылы тұсындағы аумағында рейдтік іс-шара өткізген полицейлер дрон көмегімен жол ережесін сақтамаған жүргізушілерді тәртіпке шақырды. Іс-шара басталғалы бері жолдың қарсы жолағына шығудың 1, авариялық жағдай туғызудың 10, жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарудың 9 дерегі белгілі болыпты. Сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған 3 жүргізушінің көлік тізгініне қайта отырғаны анықталған.
Сонымен қатар, 138 автокөлік айып тұрағына қойылып, 118 көліктің қозғалысын шектеу үшін мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынды.