Президент • Бүгін, 00:38

Президент АҚШ компанияларын еліміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы PepsiCo және Mars компанияларының заманауи, экспортқа бағдарланған зауыт салу жоспарын құптайтынын жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент АҚШ компанияларын еліміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырды

Президенттің пікірінше, өзара тиімді ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты — агроөнеркәсіп кешені. Егістік жерлерінің көлемі жағынан әлемде алтыншы орын алатын және ең ірі астық экспорттаушылардың ондығына кіретін Қазақстанның аталған саладағы мүмкіндіктері америкалық әріптестерді қызықтыруға тиіс.

— Америкалық компанияларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырамыз. Біз PepsiCo және Mars компанияларының заманауи, экспортқа бағдарланған зауыт салу жоспарын құптаймыз. Аталған бастамалар Қазақстанның экспорттық қуатын арттырып қана қоймай, өнімдеріміздің жаңа өңірлік нарықтарға шығуына мүмкіндік береді. Ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін орнықты ауыл шаруашылығын дамытуды, су ресурстарын үнемдеп пайдалануды және аталған саланы цифрландыруды көздейтін ортақ Агроинновациялық бағдарлама жасауды ұсынамыз, — деді Мемлекет басшысы.