
Бұл мүмкіндік арқылы блогерлер мен медиаконтент жасаушылар бейнелерді тек субтитрмен емес, толыққанды дауыс дубляжымен бірнеше тілде ұсына алады. Мысалы, қазақ тілінде түсірілген роликті бір сәтте ағылшын, испан, қытай, корей немесе басқа ондаған тілде дыбыстауға мүмкіндік бар. Алғашқы сынақтарда бірнеше танымал арналар осы мүмкіндікті қолданып көрген. Нәтижесінде, олардың бейнелерін жаңа аудитория тыңдап, қаралым көрсеткіші кейбірінде үш есеге дейін өскен.