Өндіріс • Бүгін, 08:48

Импортқа тәуелділік азаяды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақтау Агро» серіктестігін­де асылтұқымды құс өсіруге арнал­ған кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жобаға «Аграр­лық несие корпорациясы» мен құрылтай­шылар қаражаты бөлінген. Фабрикада инкубатор, құс өсіру алаңдары, құс сою цехы, құрамажем зауыты қарас­тырылған.

Импортқа тәуелділік азаяды

Сурет: instagram.com/otpannews.kz

«Ата-аналық үйірді ұстауға арналған нысанның қуаттылығы – жылына 7,5-8 млн инкубациялық жұмыртқа. Оның шамамен жартысы кешеннің қажет­­тіліктеріне жұмсалса, қалған бө­лігі елдегі басқа құс фабрикаларына жет­кізіледі. Бастама экономикалық тұр­­ғыдан тиімділікті арттырумен қатар, әлеуметтік маңызға да ие. Жоба аясында шамамен 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Ең бастысы, өңірдің им­порт­қа тәуелділігі азайып, азық-түлік қауіпсіздігі күшейеді» дейді Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының өкілдері.

Кәсіпорын жыл сайын 5 мың тоннадан астам бройлер етін өндірмек. Серіктестік 2021 жылдан бері өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып отыр.

 

Маңғыстау облысы