Оқиға • Бүгін, 15:41

Маралдыда мал қырылып жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды ауылында белгісіз себептен ірі қара мал өле бастаған. Тұрғындардың айтуынша, олардың барлығы алтын фабрикасының маңында жайылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маралдыда мал қырылып жатыр

Маралдыдағы алтын өндіру фабрикасына қатысты мәселеге тұрғындар бұған дейін де сан мәрте наразылық тудырған.

Ірі қара малдың өліп жатқан бейнежазбасы жуықта әлеуметтік желіде тарай бастады.

«19 қыркүйек күні цианидпен алтын өндіріп жатқан зауыт маңында ауылымыздың малы қырылды. Қазір 7-8 бас өліп жатыр, бұл алғашқы жағдай емес. Осылай жалғаса берсе адам өлімі бола ма деп қорқамыз» деді әлеуметтік желіде бейнеүндеу жолдаған тұрғындар.

Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлібеков осы жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызмет және ветеринария саласының мамандарымен бірлескен арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізіп жатқанын айтты.

Белгілі болғандай, оқиға орнына барып, өлген малдан сынама алынды. Жеті күннің ішінде қорытынды шығады. Сонда ғана нақты ақпарат беріледі. Малдың фабрика маңында жайылғаны туралы ақпарат та анықталады. 20 қыркүйек күні қосымша тексеру жүргізіліп, басқа малдан да осындай жағдайдың тіркелген-тіркелмегені анықталды.

Шығыс Қазақстан облысы,

Күршім ауданы