Ғалам ғажаптары • 24 Қыркүйек, 2025

Мұз астындағы от

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Исландия – мұздықтар мен жанартаулар қатар кездесетін ерекше аймақ. Ғалымдардың дере­гін­ше, елдің ең ірі мұздығы – Ват­найёкюдльдің астында сегізге жуық жанартау орналасқан.

Мұз астындағы от

Жанартаулар атқылаған кезде мұз еріп, астына су жиналады. Белгілі бір деңгейге жеткенде бұл су қысымды көтере алмай, кенеттен сыртқа шығып кетеді. Ғылымда мұндай құбылысты «мұздық тасқыны» деп атайды. Оның көлемі кейде жүздеген миллион тонна суға дейін жетіп, тұтас өңірдің жер бедерін өзгертуі мүмкін. 1918 жылы Катла жанартауы атқылап, мұздық тасқыны нәтижесінде Эверест тауындай көлемдегі шөгінділер жер бетіне шыққан. 

 

Дайындаған –

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті