
Фото: rail-news.kz
Starlink интернеті орнатылған пойыз жолаушылары мессенджерлер арқылы байланысу, сапар барысында қашықтан жұмыс істеу, сондай-ақ онлайн-табло, мультимедиялық жүйе және қолма-қол ақшасыз төлем қызметі сияқты қосымша сервистерді пайдалана алады.
Бұған дейін «Астана – Бурабай курорты» бағыты бойынша жүретін №888/887 «Burabay Express» электропойызына осындай интернет орнатылған. Компанияның мәліметінше, бұл құралдың тиімділігі дәлелденген. Сондай-ақ, пилоттық режимде №67/68 «Астана – Өскемен» және №3/4 «Астана – Алматы» бағытындағы «Тальго» пойыздарында төмен орбиталы жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті іске қосылған. Бүгінгі дейін осы үш бағытта 100 мыңнан астам жолаушы интернет қызметін пайдаланған.