Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025

Семейде жаңа әуе рейсі ашылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейстерінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастады, деп жазады Egemen.kz.

Семейде жаңа әуе рейсі ашылды

 

Әкімдіктің мәліметінше, субсидияланған рейсті «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады. Жолаушылар аптасына 2 рет – сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Билет бағасы – 15 000 теңге.

Жаңа бағыттың ашылуы тұрғындарға қолайлы әрі қолжетімді бағада сапарлауға мүмкіндік береді.

– Бірнеше жыл бұрын «Қарағанды-Семей» бағытындағы әуе қатынасы жабылып қалған еді. Қайтадан ашылғанына өте қуаныштымыз. Семейден Қарағандыға келу үшін Астана арқылы пойызбен жүретінбіз. Қазір жолаушыларға өте ыңғайлы. Бір жарым сағат шамасында Семейге жетіп аламыз, – деді Қарағанды қаласының тұрғыны.

Қазір Семей қаласынан «Семей – Алматы», «Семей – Астана», «Семей – Үржар», «Семей – Қарағанды» бағыттары бойынша әуе рейстері бар. Аталған рейстерді «FlyArystan», «Оңтүстік аспаны», «SCAT» әуе компаниялары жүзеге асырып келеді.

Ал бұл бүгінгі жаңа бағыт республикалық бюджеттен субсидия берілген және Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің және Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр.

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше