Ауа райы • 25 Қыркүйек, 2025

Бүгін ауа райы қандай болады

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, бірақ айтарлықтай құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бүгін ауа райы қандай болады

Фото: Ашық дереккөз

Батыста кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстікте күн ашық әрі жылы болса, Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік пен орталықта жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Астана – бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Түнде +11…+13 °С, күндіз +26…+28 °С.

Алматы – айтарлықтай өзгеріссіз, ашық күн райы. Түнде +10…+12 °С, күндіз +20…+22 °С.

Шымкент – күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз +27…+29 °С.

Ақтау мен Атырауда – жауынсыз ашық күн, түнде +11…+15 °С, күндіз +23…+29 °С.

Көкшетау, Қостанай, Петропавлда – бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Дегенмен, жел күшейіп, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылордада – күн ашық, алайда күндіз шаңды дауыл соғады.

Түркістанда – ашық аспан, күндіз +28…+30 °С дейін ыстық. 

Оралда – күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Семей, Өскемен, Талдыкорған, Жезқазған мен Қарағандыда күн жауын-шашынсыз, бірақ салқындау.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше