Қоғам • Бүгін, 11:27

Қазақстандықтарға АҚШ-қа тауар салуға уақытша тыйым салынды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазпошта» АҚ Америка Құрама Штаттарындағы алушыларға пошта жөнелтілімдерін қабылдау мен жеткізу уақытша тоқтағанын айтты. Бұл шектеу АҚШ-тың Кеден және шекара қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне байланысты, деп жазады Egemen.kz

Қазақстандықтарға АҚШ-қа тауар салуға уақытша тыйым салынды

Компанияның мәліметінше, АҚШ-қа хаттар мен құжаттарды жіберу әдеттегідей жалғасады. Шектеу тек тауар салынған пошта жөнелтілімдеріне қатысты.

«Шектеу америкалық тараптан енгізілді және ол көптеген елдерден келетін халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қолданылады. Қазіргі таңда Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің ішінде тек 5 ел ғана АҚШ-қа тауар салынған посылка жібере алады», делінген «Қазпошта» хабарламасында.

«Қазпошта» шетелдік серіктестерімен тұрақты байланыста екенін және қызметті қайта жандандыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Компания уақытша қолайсыздық үшін тұтынушылардан кешірім сұрады.

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше