Аймақтар • Бүгін, 13:00

Риддер қаласына 30 қыркүйекте жылу беріледі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риддер қаласында жылыту маусымы басталады. Алдымен әлеуметтік нысандарға жылу беріліп, содан кейін тұрғын үйлер мен басқа да мекемелер қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Риддер қаласына 30 қыркүйекте жылу беріледі

Орташа тәуліктік температураның тұрақты төмендеуіне байланысты 24 қыркүйектен бастап Риддердегі әлеуметтік-мәдени нысандарда жылыту маусымы ашылады.

30 қыркүйектен бастап – көпқабатты тұрғын үйлер мен «Шығыс Жылу» АҚ филиалының жылумен қамту жүйесіне қосылған өзге де нысандарға жылу беріледі.

2025-2026 жылғы жылыту маусымын бастау туралы бұйрыққа «Шығыс Жылу» АҚ Риддер филиалы директорының міндетін атқарушы Кирилл Голота қол қойды.

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше