
Ғалымдардың айтуынша, жоғары калориялы, майы мен қант мөлшері көп тағамдарды тұтыну ми қызметінің әлсіреуіне алып келеді. Ең алаңдататыны – мұндай өзгеріс санаулы күннің ішінде-ақ байқалуы мүмкін. Зерттеу нәтижесі бойынша мәселе зиянды тағамның құрамында ғана емес, оған мидың қалай әрекет ететініне де байланысты. Сонымен қатар фастфуд бұлшық ет пен жүйке жүйесінің байланысы бұзылып, когнитивті функциялардың әлсіреуіне әкеледі. Мамандардың пікірінше, фастфудты үнемі тұтыну адамның жалпы денсаулығына ғана емес, психикалық күйіне де теріс әсер етеді.