Энергетика • Бүгін, 09:10

Бейбіт атом дәуірі басталды

10 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Еліміз бір атом электр стансасын салумен шектелгісі келмейді. Мұндай ұстанымды Мемлекет басшысы жеткізді. Айтуынша, Алматы облысында іргетасы қаланып жатқан жалғыз АЭС экономикалық тұрақты өсімге қол жеткізу жолында аздық етеді. Сондықтан екінші, тіпті үшінші атом электр стансаларының құрылысын жоспарлауға кіріскеніміз жөн деген еді Президент. Расында, жыл санап ядролық энергетикаға деген сұраныс еселеп өсіп келеді. Жаһандық үрдіске ілесу – уақыт талабы. Қазір ядролық технологияны пайдаланбайтын сала жоқтың қасы. Бұл – жартылай өткізгіштер өндірісі мен қауіпсіздік және бақылау жүйелері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, металлургия, ғарыш пен косметика өнеркәсібі. Осы орайда саладағы отандық ғылыми және өндірістік жетістіктердің бір парасын айтып өткен жөн.

Бейбіт атом дәуірі басталды

Сурет: aikyn.kz

Ядролық энергетиканың әлеуеті

Былтыр қазан айында Яд­­ролық физика институ­ты әлемдегі ең ірі ғылыми ор­та­­­лық­тардың бірі – Еуро­па­лық ядролық зерттеулер ор­та­лы­ғының (CERN) SHiP кол­лабора­циясының мүше­сі атанды. Бұл отандық инсти­туттың экспериментке арналған 20 000 строу-түтікті өндіруші ретінде және негізгі детектор – строу-трекерді құруға жауапты коллаборация тобының маңызды қатысушысы болатынын білдіреді.

а

«Былтыр маусым айында Ядролық физика институты өнді­ре­тін «Фтордеоксиглюкоза-18F» радиофармацевтика­лық препараты ел тарихында алғаш рет әуе көлігі арқылы Шым­кенттегі Ядролық меди­цина орталығына жет­кізіл­ді. Аталған препарат онко­­логиялық ауру­ларды анықтау мен емдеуге қолданылады. Атом энергиясы халықаралық агент­ті­гінің (МАГАТЭ) жобасы аясында Қырғызстанның ядролық медицина орталығына қатерлі ісік және жүрек ауруларын диаг­нос­тикалайтын молибден-99/технеций-99 генераторы экспорт­тал­ды. Бұл – еліміздің радиофармацевтика саласындағы алғашқы халық­­аралық экспорты», деді институт­тың бас директоры Саябек Сахиев.

Былтыр қарашада Премьер-министр Олжас Бек­­­теновтің қатысуымен фтор-18 радиоизотобын өнді­руге арналған жаңа циклотрон орнату туралы инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл қондырғы германий-68 және актиний-225 изотоптарын өндіру арқы­лы ядролық медицинаның жаңа мүмкіндіктерін ашуға көмек­теседі.

 

Қазіргі АЭС қаншалықты қауіпсіз?

«Асыра айтқандық емес, барлық халықаралық сарап­шы, атом физикасы сала­сын­дағы ғалымдар мен ядролық қауіпсіздік мамандары заманауи АЭС-тер мүлдем қауіпсіз екенін алға тартады. Олардың құрылысында Чернобыль мен Фукусимадағы апаттарға әкелген барлық проблема мен қателік ескерілді. Сондықтан 3 және 3+ реакторының қазіргі буынын жобалау кезінде қауіпсіздік­тің пассивті жүйелеріне бас­ты назар аударылады», дейді Қазақ технология және бизнес университетінің профессоры Сапарбай Жобаев.

ар

Қазіргі атом электр стансаларына бірнеше қауіпсіздік деңгейі әзірленді. Олар реак­торды техникалық қызмет көрсетуші персоналсыз және электрмен жабдықтаусыз қал­дырса да, тоқтата алады. Ал та­биғи апат болған жағдай­да одан да көп. Яғни АЭС-ті пай­даланудың заманауи тех­ноло­гиялары барынша авто­мат­тан­дырылған, анығы адами қате­ліктерге тәуелді емес.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкер­лер палатасының басқарушы директоры, энергетик Жақып Хайрушевтің айтуынша, АЭС импортқа тәуелділікті азайтып, энер­гетикалық қауіпсіздікті күшей­теді.

ап

«АЭС – энергия көзі ғана емес, сонымен қатар экономиканың мультипликативті драйвері. Оның құрылысы мен пайдала­нуға берілуі 10–15 мыңға дейін тікелей және жанама жұмыс орнын ашады. Құрылыс, металлургия, машина жасау, логистика мен қызмет көрсету салаларын дамытады. Отандық өндірістегі қосалқы бөлшектер мен материалдардың қолда­нылу аясы кеңейіп, біліктілігі жоғары инженерлер мен техниктерге сұраныс артады. АЭС салу арзанға соқпайды. Иә, бастапқы капиталы жоғары. Бірақ есеп ұзақ­мерзімді болуы керек. Атом стансасы 60–80 жылға дейін жұмыс істей алады. Ал энергия құны – тұ­рақты әрі болжамды, отын шы­ғыны өте аз, инфрақұрылым бол­са, ұзақ уақыт қызмет етеді. Та­­риф­­тің инвестициялық құ­рам­­­дас бөлігі арқылы жоба өзін 15–20 жылда өтейді. Бұдан бө­­лек, ішкі нарықты сапалы энер­­гия­мен қамтамасыз ету арқы­лы экономиканың бәсекеге қабі­леттілігі жоғарылайды», дейді маман.

Оның сөзінше, орташа ал­ғанда АЭС құрылысы дайын­дығы мен жобалауға – 2–4 жыл, құрылысқа – 5–7 жыл, ал жобаны толық іске қосуға 10 жылға дейін уақыт керек. «Егер барлық рұқсат пен технология алдын ала келісілсе, бұл мерзімді 6–7 жыл­ға дейін қыс­қартуға болады. Десек те, бастысы – жобаның қауіп­сіздігі мен сапасы», дейді сарапшы.