Қаржы • Бүгін, 10:31

Қарағандыда зейнеткерлер материалдық көмек алады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының зейнеткерлері 1 қазан - Қарттар күніне орай біржолғы материалдық көмек алады, деп хабарлайды Egemen.kz Ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап

Қарағандыда зейнеткерлер материалдық көмек алады

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жергілікті бюджет қаражатынан 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінуі жоспарланған. Облыс бойынша 70 жастан асқан 51 648 адамға біржолғы төлем жасалады.

«Қарағанды, Балқаш, Приозерск, Саран, Теміртау қалаларында, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандарында зейнеткерлерге 20 мың теңгеден беріледі. Ал Шахтинскіде зейнеткерлердің есепшотына 10 мың теңгеден аударылады», делінген хабарламада.

Мұндай айырмашылықтың себебі нақты көрсетілмеген.

Айта кетейік, тағы бір өзгешелік бар: Балқаш, Ақтоғай, Нұра және Осакаров аудандарында біржолғы көмек 70 жастан асқан адамдарға төленсе, қалған қала-аудандарда – 75 жастан асқан зейнеткерлерге қарастырылған.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының барлық өңірінде демеушілік қолдау есебінен азық-түлік себеттерін тарату, тегін түскі ас ұйымдастыру, түрлі тақырыптық шаралар сияқты қайырымдылық акциялары өткізіледі. Нысаналы топ – үйде әлеуметтік көмек алатын қызметкерлер мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қатысушылары.

«Біржолғы төлем сомаcы зейнеткердің есепшотына өздігінен түседі, қосымша әрекеттер жасау қажет емес. Қандай да бір кодты сұрап, талап ететін алаяқтардан сақ болу керек», деп ескертті басқарма.

Еске сала кетейік, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні.

Соңғы жаңалықтар