Аймақтар • Бүгін, 15:55

Қазақстанның бірнеше өңірінде жылыту маусымы басталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында 1 қазаннан жылыту маусымы ресми түрде басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бірнеше өңірінде жылыту маусымы басталды

Жылу қосу кезең-кезеңмен алты күн ішінде жүзеге асырылады. Компания өкілдерінің айтуынша, ең алдымен техникалық дайындық паспорты бар нысандарға жылу беріледі.

«Алдыңғы жылдардағыдай, қосу жұмыстары техникалық дайындыққа байланысты жүргізіледі. Қажетті актілері мен құжаттары жоқ нысандар барлық жұмыстар толық аяқталғаннан кейін ғана қосылады», делінген «Шығыс Жылу» АҚ хабарламасында.

Қазіргі таңда қалада 66 көпқабатты және 86 жеке тұрғын үй, 34 мектеп пен балабақша, 17 медициналық ұйым, 29 әкімшілік ғимарат және 11 әлеуметтік нысан жылытыла бастады.

Компания мәліметінше, қатты отын қоры – 19 486 тонна. Бұл 35 тәулікке жеткілікті нормативтік резервке сәйкес келеді.

Айта кетейік, Қарағанды қаласында 2025 жылғы 25 қыркүйекке қараған түні жылыту маусымы басталған еді. Сонымен қатар бүгін Риддер қаласына жылу берілді. Астанада да жылыту маусымы іске қосылды.

Батыс Қазақстан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 98%-ға жетті. Бірқатар медициналық мекемелерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олар қыркүйек айында толық аяқталмақ. Сондай-ақ, білім беру және мәдениет нысандарының 99%-ы, спорт және әлеуметтік сала нысандары 100%-ы дайын.

Соңғы жаңалықтар