Қоғам • 30 Қыркүйек, 2025

Жұрт жәрмеңгеке ағылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласындағы «Әлеуметтік базар» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатымен кезекті жәрмеңке өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұрт жәрмеңгеке ағылды

Жәрмеңкеде Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері ұсынылды.

Атап айтсақ, жалпы құны 12,3 миллион теңгені құрайтын 20,9 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары, оның ішінде 1 тонна тауық еті, 800 келі, 2 тонна сүт, 1 мың дана жұмыртқа, 200 келі тұз, 200 келі балық, 5 тонна ұн, 700 келі бал және 500 келі кондитерлік, 500 келі макарон, 10 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері сатылымға шығарылды. Жәрмеңкеде қажетті тауарлар нарық құнынан 15-20 пайызға төмен бағада өткерілді.

Тараз