Алматы • Бүгін, 22:53

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының әлеуметтік желілері жұмысын тоқтатты

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Бас консулдығының әлеуметтік желілерінде жаңа ақпарат жарияланбайды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының әлеуметтік желілері жұмысын тоқтатты

Бұл туралы АҚШ-тың Бас консулдығы желідегі парақшасында хабарлады.

Әлеуметтік желідегі жұмыстың тоқтауына қаржыландырудың уақытша тоқтатылуы әсер еткен.

- Қазір АҚШ-та және шетелдегі АҚШ Елшіліктері мен Консулдықтарында төлқұжат беру және транзит виза бойынша жоспарланған қызметтер жағдай мүмкіндік бергенге дейін жалғасады. Қаржыландыру толық қалпына келгенге дейін бұл аккаунт жаңартылмайды, тек шұғыл қауіпсіздік пен қорғанысқа қатысты ақпарат қана жарияланады, - делінген мәлімдемеде.

Дегенмен, консулдық қызметтері мен жұмыс тәртібі туралы ақпарат travel.state.gov сайтында жарияланады.