Аймақтар • 02 Қазан, 2025

Оралда қайтарылған қаржыға салынған жаңа мектеп ашылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда 1952 жылы кірпіші қаланған апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды, деп жазады Egemen.kz.

Оралда қайтарылған қаржыға салынған жаңа мектеп ашылды

Фото: Үкімет

Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі 400 оқушыға лайықталған. Үкімет осы мектеп құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 2,8 млрд теңге бөлген. 

«Заманауи талаптарға сай, көпқабатты ғимарат қолданысқа берілді. Бұл оқушыларымыз бен ата-аналарымыз және ұжым үшін үлкен қуаныш. Мемлекет басшысының саясаты арқасында сапалы білім беру  біздің өңірде де жолға қойылып келеді», деді дарынды балаларға арналған №8 мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры Алима Саурова.

вв

 

 

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50